Краснооктябрь боксит кен басқармасының директоры (1977-28.10.1988), «Свемо» зауытының директоры.
1934 жылғы 15 желтоқсанда Қостанай облысы Урицкий ауданы Дудаков ауылында дүниеге келген.
Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Қазақ тау-кен металлургия институтына түсіп, 1958 жылы бітірді. «Тау-кен инженер-маркшейдер» мамандығын алған соң Рудный қаласына Соколов-Сарыбай КБК жіберілді.
Онда ол маркшейдерден Соколов кен басқармасы учаскесінің бастығына дейінгі жолды өтті. Одан кейін қоғамдық жұмыста болды, ССГОК кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.
1967 жылы салынып жатқан Кашар және Лисаков ГОК дирекциясына жұмысқа шақырылып және бас маркшейдер, техникалық бөлімнің бастығы болып тағайындалды.
1975 жылы салынып жатқан Краснооктябрь және Белинский боксит кеніштерінің бас инженері болып тағайындалды. Козырев кен басқармасымен біріктірілгеннен кейін 1977 жылы Краснооктябрь боксит кен басқармасының директоры болып тағайындалды және осы қызметте 11 жыл жұмыс істеді.
1988 жылдың қазан айында Қостанай облыстық атқару комитетінің жоспарлау-экономикалық басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды, ал 1989 жылы салынып жатқан жарық техникалық медициналық жабдықтар зауытының директоры қызметіне ұсынылды.
Марапаттары: Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісі» екі ордені, «ІІІ дәрежелі Шахтер даңқы» белгісі.
1962 жылы еңбектегі, қоғамдық жұмыстағы жетістіктері үшін Қостанай облысынан БЛКЖО XIV съезінің делегаты болып сайланды. Бірнеше рет облыстық, Рудный және Лисаков қалалық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты, Қостанай облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланды.
1977 жылы оған техникалық ғылым кандидаты оқу дәрежесі берілді.
Екі ұл мен қыз тәрбиелеп, алты немересі бар.
1999 жылдың 16 шілдесінде қайтыс болды, Лисаков қаласында жерленген**.
Краснооктябрь боксит кен басқармасының дамуына, Октябрьск кентін абаттандыруға, салуға және дамытуға қосқан үлесі үшін К.И. Итемгеновке «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Лисаков қалалық мәслихатының шешімі 1996 жылғы 22 шілдедегі N 118*
* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А. Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Қостанай баспа үйі, 2009, 29, 186-187.
** Құрмет Кітабы. Лисаков қалалық мәслихаты. Лисаков Жоғарғы Тобылдың тарихы мен мәдениеті мұражайының қоры. НВФ 2638.
КБРУ басшыларының тізімі, Лисаков Жоғарғы Тобылдың тарихы мен мәдениеті мұражайының қоры. НВФ 786.
2016 жылғы 31 тамыздағы «Мен қалама сенемін» «Акцент» ЛТВ бағдарламасының шығарылымы