ХХ ғасырдың ортасы
металл, ақық, маржан, көгiлдiр ақық.
ширатпа, дәнекерлеу, бҳкпе
Мөлшері: 9,5 х 4,9 см
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: З.Ш.Ноғаева. Лисаков қ. 2016 жыл.
Әшекейлi бұйымдар Лисаков қаласының тұрғыны Ғалия Мағазқызы Нұрмановаға тиесiлi болған. Әшекейлi бұйымдар Тасты- Өзек ауылында (Қостанай облысы, Қарабалық ауданы) тұрған енесi Зұлқия Нұрмановадан қалған. Нұрманова Зұлқия – Қызылорда облысының тұмасы, 1961 жылы қайтыс болған.
Ақ түсті металдан жасалған, тік төртбұрышты пішінде, үстіңгі бетіне тас қойылған. Ортасында ақық бар, шеттері тіс-тіс болып келген тiкбұрыш пiшiндi негiзгi бөлiгiнен тұрады.Төменгi жағында тиындар мен маржандар бар бес салпыншақ бекiтiлген. Қастың төменгі жағы ширатылған, қастың жан- жағына әрбірі метал жиектемеге қойылған табақшада ұсақ көгілдір ақық орналастырылған, «ширатылған» әдіспен жасалған. Әшекей жалған сымкәптеу түріндегі жұқа, ұсақ оюланған нәзік жиектемемен аяқталады. Төменгi жағында тиындар мен маржандар бар бес салпыншақ бекiтiлген. Бірінші, үшінші және төртінші ілмекке әрбірінің ұзындығы 2,5 см шынжыр салпылдап тұр, шетінде тиындар бекітілген: 1913 жылғы 10 тиын – 2 дана, 1912 жылғы 10 тиын – 1 дана. Екінші және төртінші ілмекке әрбірінің ұзындығы 1 см болатын шынжыр салбырап тұр, оған майыстырылған сымға маржан моншақтары тізбектеліп, шеті жүрекшелермен бекітілген.
Әйелдердің әшекей бұйымдары негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағынан емес, сондай-ақ діни- идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріп отырған. Әшекей бұйымдары бойынша әйелдердің тұрмысы мен қай өңірден екені туралы білуге болатын еді.