Пирит МИГЛ 49/Мин 24

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Таибиғи пайда болу
 А — 10,0 см    В — 7,5 см     С — 6,0 см
Тапсырған: Т.В.  Попова, Лисаков қ., 1992 ж. «Соколов-Сарыбай КБК» кенінде табылған.  

Пирит (гр. pyrіtes lіthos — отты тас) — Ашық сары түсті, көбінесе текше кристалдар түрінде ұшырасатын минерал — темір сульфиді. Синонимі — күкіртті колчедан; темір колчеданы. Кубтық сингонияда кристалданып, куб, октаэдр, куб-октаэдр, т.б. кристалдар түзеді. Түсі қоладай сары, жылтырлығы металл типтес, сызығы қара көк, жымдастығы нашар жетілген.
Пирит – табиғатта ең жиі кездесетін сульфид болып табылады. Жер қыртысында ең көп таралған минералдардың бірі, жаратылысы эндогенді, экзогенді, метаморфты; электр тогын нашар өткізеді. Магмалық жыныстарда, скарндарда, гидротермалық желілерде халькопирит, ал колчедандық және полиметалл кендерінде галенит, сфалерит, арсенопирит, солғын кентастармен бірге шоғырланады. Пирит шөгінді жыныстарда пайдалану кең таралған.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache