Лисаковский музей истории и культуры Верхнего Притоболья

Захарова Любовь Михайловна

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

180 орынға арналған «Балақай» «Ясли-бақшасы» ЖШС әкімшісі.
Лисаков қаласының білім беру жүйесінде қырық жылдан астам еңбек етуде, оның ішінде жиырма бес жылдан астам «Мұрагер» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығын басқарды.
Оның жетекшілігімен мектепке дейінгі мекеме 2000 жылы «Жылдың үздік балабақшасы» республикалық конкурсының күміс жүлдегері, сондай-ақ бірқатар облыстық және республикалық конкурстардың жеңімпазы болды. 2000 жылы қалада алғаш рет мемлекеттік тілде оқытатын топтар ашылып, балабақша қабырғасында жазғы уақытта мектеп оқушыларының демалысын ұйымдастыруда бастамашы болды.
Оның тікелей қатысуымен ерекше қажеттіліктері бар балаларды сауықтыру бойынша санаториялық топтар ашылды, «Өзін-өзі тану» эксперименттік курсы енгізді.
«Шапағат» медалімен (2007ж.), «Құрмет» орденімен (2016ж.) марапатталған.
Бесінші шақырылған Лисаков қалалық мәслихаты сессиясының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 322 шешімімен «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Scroll to Top