Лисаков қаласы № 3 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі. Оқушылар ұжымының қызметін ұйымдастыру, пәнді оқыту әдістемесін жетік меңгерген. Ол үнемі өзін-өзі жетілдірумен, педагогикалық еңбектің жаңа элементтерін зерттеумен және енгізумен айналысты. Оған педагогикалық қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау қорытындысы бойынша жоғары санатты «Мұғалім-әдіскер» атағы берілді.
Л.Д. Шаханская үш шақырылым бойыЛисаков қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
«Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы №3 орта мектебінің мұғалімі Л.Д. Шаханскаяға 1991 жылғы 8 тамыздағы 21 шақырылған Лисаков қалалық халық депутаттары Кеңесінің қаулысымен берілді.
* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» Құжаттар мен материалдар жинағы. А.Я. Ильницкийдің бас редакторлығымен. Қостанай: Қостанай баспасы, 2009, 19, 206 бет.
«Мен қалама сенемін» бағдарламасының 2016 жылғы 31 тамыздағы шығарылымы.