1925 жылы Қостанай губерниясының Карловка ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың ақпан айында жұмылдырылды. Забайкальск әскери округіне түсіп, кіші командирлер курсында оқыды, сол жерден Долина станциясына (Украина) кіші авиация мамандары мектебіне жіберілді. 1943 жылдың тамызы мен 1944 жылдың қыркүйегі аралығында дивизия мектебінде механика курстарында оқыды. III Белорус майданында 18 гвардиялық авиаполкада, 303 дивизияда соғысқан. Литва, Шығыс Пруссия, Кенигсбергті азат етуге қатысты. “Жауынгерлік еңбегі үшін” медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.