Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Сейітхан Темірбаев

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Темірбаев Сейтхан Нұрмұхамбетұлы

– Кеңес Одағының Батыры

Темірбаев Сейтхан Нұрмұхамбетұлы Қостанай губерниясының Қызылжар ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.  8 жастан бастап балалар үйінде тәрбиеленді. 1941 жылы 19 жасында Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Сталинград үшін, Донбассты, Николаевск, Одесса облыстарын, Молдавияны азат етуге, Одер мен Шпрее өзендерін кесіп өтуге қатысқан.

1945 жылдың 25 сәуірінде Ландвер-каналды кесіп өту кезінде Темірбаевтың ротасы  Берлинде бірінші болып сол жағалауға өтіп, бос тұрған позицияларда орныққан, полктің басқа бөлімшелеріне өтуге мүмкіндік берді. 1945 жылы 29 сәуірде Темірбаевтың ротасы  Рейхстагқа жақын жерде шайқасты.  Шабуылдардың алдыңғы қатарында капитан Темірбаев болды. Қысқа уақыт ішінде рота 11 кварталды қарсыласынан тазартты. Берлинде біздің жерлесіміз жауынгерлік жолы аяқталды. Рейхстагта ол өз қолын қалдырды: «Қазақ С. Темірбаев, Қостанай-Берлин».

С.Темірбаев Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және 10 медальмен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1985 жылы Лисаков қаласындағы Рудная көшесі Сейтхан Темірбаев атындағы көше болып өзгертілді.

Scroll to Top