Еуразия даласының археологиялық ескерткіштері жалпыадамзаттық мәдени – тарихи маңызға ие. Лисаков қаласының округтары-дала Еуразиясының бірегей өңірі,онда шағын аумақта тарихи, ғылыми ғана емес, сонымен қатар мәдени-білім беру жоспарында қызығушылық тудыратын ондаған тарихи-археологиялық ескерткіштер жинағы орналасқан. Өңірдің тиімді географиялық орналасуы, Еуропа мен Азия шекарасында, екі мәдени-тарихи дәстүр, көшпелі және отырықшы-егіншілік тоғысында, оны мәдени туризмді дамыту және белсенді өңірлік білім беру саясатын жүргізу жоспарында тартымды етеді.
Лисаковтың ежелгі ескерткіштер кешені, әсіресе андронов мәдениетінің жерлеу құрылғыларын және ерте кезеңдегі барлық енгізілген қола дәуіріндегі қоныстар мен зираттарды көрсетеді. Кешеннің ерекшелігі жерлеудің өзі-ақ жерлеу құрылыстары мен көптеген салттық бөлшектерінің мәнерлігі сақталғанында. Қоныс пен қорым қалаға жақын жерде, дәлірек айтқанда қаламыздағы шеткі үйлерден 1000 шықырым жерде орналасқан.
Лисаков қонысы мен қорымынан алынған материалдар кешенін б.з.д. XVIII-XVII ғғ. мерзімдеуге және оны андронов тайпаларының мәдени-тарихи қауымдастығына жатқызуға мүмкіндік береді.
Әлемдік тарихи мәнмәтінде ғалымдар Еуразия кеңістігі даласында Азиядан Үндістанға, Иран, Еуропаға берілген жүру жолдары бойынша олардың индоевропалық қауымдастығынан бөлінгеннен кейін, бұл тайпаларды индоиран тайпаларымен байланыстырады.
Қорым алаңында қола дәуіріндегі ескерткіштерден басқа ерте темір ғасырына және ерте орта ғасырлардағы бірнеше жерлеу құрлыстары табылған. Олардың ішінде – «мұртты» қорған және «қыпшақ сарбазы» жерленген қорған.
Салттық жоралар көрсету құрлыстарының басқа түрі болған ғибадатхана, ол жерлеуге арналмаған құрылыстарына байланысты белгіленген. Ғибадатхананың барлығы төртеуі табылған.
Ескерткіштердің сәтті орналасуы, шоғырлануы мен оларды жақсы зерттелуі – бұл көбіне Лисаков ескерткіштерінің ашық аспан астында мұражай ашуға негіз болуы мүмкін. Мұндай мұражайдың басты мақсаты – көне ескерткіштерімен табиғи дала ланшафтарын сақтау. «Тірі» археологиялық ескерткіштер мен олардың тұрмыс ортасы өңірлік және халықаралық туризм объектілері бола алады.
Э.Усманова, Лисаков археологиялық экспедиция жетекшісі,
Лисаков қаласының құрметті азаматы,
ҚР құрметті мәдениет қайраткері.
(Қарағанды қ.)
Н.Жиляева, Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы директоры (1992-2015), Лисаков қ.