Куценко Михаил Петрович

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Куценко Михаил Петрович 1903 жылы Украинада шаруа отбасында дүниеге келген. 1914 жылы отбасымен бірге Қазақстанға Данилов ауылына көшіп келді. 1927 жылы ЖШҚА (Жұмысшы-Шаруа Қызыл армиясына) шақырылды. Партия мүшесі ретінде М П. Куценко 1929 жылы «Қазақстан» колхозына кіріп, есепші болды. Соғыс басында «бронь» алды, бірақ 1942 жылы Таранға көшуден бас тартқаннан кейін әскерге шақырылып, майданға аттанады. 1942 жылы хабар-ошарсыз жоғалып кетті.

Материал 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Осы есімдерді еске алайық»  акциясы барысында жиналған.

Куценко Отбасы. Ата-аналары: Куценко Михаил Петрович, Куценко (Бондаренко) Марфа Павловна, балалары: Полина, Мария, Алексей, Николай, Вера. Даниловка кенті, Қостанай облысы. 1930-40 жылдары

4 рота командирлік құрамының тобы. М.П. Куценко сол жақта шеткі. 1928 ж. КСРО.

Фотосуреттердің көшірмелерін музейге берген — Т.Н.Куценко.

Scroll to Top