Куценко Михаил Петрович 1903 жылы Украинада шаруа отбасында дүниеге келген. 1914 жылы отбасымен бірге Қазақстанға Данилов ауылына көшіп келді. 1927 жылы ЖШҚА (Жұмысшы-Шаруа Қызыл армиясына) шақырылды. Партия мүшесі ретінде М П. Куценко 1929 жылы «Қазақстан» колхозына кіріп, есепші болды. Соғыс басында «бронь» алды, бірақ 1942 жылы Таранға көшуден бас тартқаннан кейін әскерге шақырылып, майданға аттанады. 1942 жылы хабар-ошарсыз жоғалып кетті.
Материал 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Осы есімдерді еске алайық» акциясы барысында жиналған.