Иван Григорьевич Чураков,
Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1926 жылы 26 желтоқсанда Қостанай облысы Семиозерное ауылында дүниеге келген. Қызыл Армия қатарына 1943 жылы шақырылды. Кіші командирлер мектебін бітірген. Кіші сержант атағымен шығарылды. 1944 жылдың маусым айынан 1945 жылдың маусым айына дейін МӨҚҚ 208 бөлімшесінің командирі болып соғысты. 1945 жылы Саратов танк училищесіне түсіп, оны 1947 жылы аяқтайды. Лейтенант атағы берілді.
Германияда, басқыншы әскерлерде кадрлық офицер қызметі басталды. Содан кейін ол Кеңес Одағының әртүрлі бұрыштарында жалғасты: Улан-Удэ, Свердлов облысындағы Елан лагерлері, Свердловск қалалық әскери комитеті, Нижний Тагил. Подполковник атағымен әскерден босатылды. Бірнеше рет марапатталған. Демобилизациядан кейін Лисаков қаласына тұруға келді. Қаланың азаматтық қорғаныс штабының бастығы лауазымын атқарды, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы болып сайланды. 1987 жылы қайтыс болды.
“Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары”. Қостанай, 2010, 138 б.