Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

«Түймедақпен бал ашу» фарфорлы мүсінше («Сүйеді – сүймейді») МИГЛ 819/ФСК 137

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

1973-1996жж.
УКСР, Хмельницкий облысы, Полонное қаласы.
Фарфор,қалыптау, кептіру, бірінші күйдіру, жылтырату,
Сәндеу,жылтырлату, екінші күйдіру бірнеше кезеңнен тұрады.
А-30,0  см   В-15,0 см   D-9,5 см
Тапсырған: Э.Р.Усманова, Қарғанды қ., 1997 ж.

«Түймедақпен бал ашу» фарфорлы мүсінше («Сүйеді – сүймейді»). Негізінде ақшыл-жасыл түсті, дұрыс емес пішінді бейнеленген қыз қолында түймедақ. Мүсінше ірі әсерлі фарфорлы мүсінде: ақ сары шашті, жалаң аяқ қыз ағаш шарбаққа сүйеніп, түймедақпен бал ашып тұр. Мүсін басы төмен қарай, күлімсіреген күйінде, көк көздері түймедаққа қадала қарап тұр. Қыз ақ түсті, қою қызыл өрнекті украйнаның ұлттық көйлегін киіп алған. Көйлегінің өрнегі  жеңі мен етегінде қайталанған. Мүсінде  ақ, қою қызыл, сары, жасыл, қоңыр түстерге бай, қолмен нәзік салынған.
Келесі түп жақ бетінде – «Лебедь» завод белгісі, белгі көк түсті бояуда жасалған. Мұндай белгі 1973 -1996 жылдары Полонск фарфорлы заводында жапсырылған. (УКСР, Хмельницкий облысы, Полонное қаласы).
Тарихи анықтама: ПККЗ – “лебедь” белгісі, дайын бұйымға 1972 жылдан бастап (Полон көркемсурет керамика заводы» (ПККЗ) белгісі қойылған және бағасы көрсетілмеген.
Кейін белгі КСРО құлағанға дейін баға белгісімен толықтырылған,  өзінің бұйымдық сұрпын сақтап қалған, сұрпы түстері бойынша: қызыл -1-ші және жоғары сұрыпты, көк және жасыл -2-ші сұрыпты деп анықталған.

Scroll to Top