Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Қазақстан халқының мәдениеті балалар шығармашылығында Халықтың қолөнерімен танысу

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Лисаков музейімен балалар көркемсурет мектебімен ынтымақтастығы жалғасуда. 2024 жылы Лисаков балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері Қазақстанда тұратын славян этностарының – орыстар, украиндар мен белорустардың мәдениетін шығармашылықпен зерттеуге кірісті.

Бірінші сабақта балалар көркем халық қолөнерінің шынайы заттарын көрді: дымково ойыншығы, хохлома әшекейленген ыдысы, городец көркем суреті, Гжельден шәйнек, белорус сабан қуыршағы және де матрешка. Музейде жас суретшілер алғаш рет “корчага”, “туес” сияқты ескірген сөздерді естіп, осы көне заттарды көрді. Балалар «Қолөнер әлемінде» шағын көрмесімен танысып, көркем қолөнер туралы бейнероликті көріп, белсенділік парақтарымен жұмыс жасағаннан кейін музей экспонаттарының эскиздерін салуға ынталы кірісті. Музейде эскиздер жасалды, ал көркемсурет мектебіндегі сабақтарда балалар көркемсурет мектебінің мұғалімдерінің жетекшілігімен суреттер бойынша жұмыстарын  жалғастырады.

Музей кеңістігі көпұлтты Қазақстанда қажетті оқушылардың этномәдени білімінде елеулі ресурсқа ие.

#Лисаков #музей

Scroll to Top