Қала дебатерлерінің кезекті кездесуі 31 қазан, сенбі күні музейде өтті. Бұл жолы бізге тәжірибелі дебатерлермен қатар, шешендік өнерде өз күшін сынап көруге алғаш қадам жасаған қатысушылар да келді. Ойластырған ісіміз жүзеге асты: апта ішінде Денисовка ауылында өткен турнирде жеңіске жеткен тәжірибелі дебатерлер жаңадан келген қатысушылармен бір командада ойнап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ең кіші қатысушылар №1 мектептің 5-сынып оқушылары болды, бірақ олар жас ерекшеліктеріне қарамастан, дебат барысында ӘДІЛЕТТІЛІК тақырыбын және ЖИ-ді қолдану мәселесін талқылауда өздерін лайықты көрсете білді. Өте қызықты болды. Келесі кездесу екі аптадан кейін, сенбі күні өтеді.










