Лисаков музейі «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы — КБКБ-ға барып, кәсіпорын тарихына арналған музеймен танысты.
Экспозиция КБКБ-ның құрылған сәтінен бастап бүгінгі икүнге дейінгі үлкен жолын мұрағаттық фотосуреттер, тарихи материалдар арқылы баяндайды. Заманауи музей технологияларын қолдану боксит өндіру орнына виртуалды саяхат жасауға, үлкен көлемде ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні КБКБ – бұл жай ғана кәсіпорын емес, өңіріміздің тарихы мен өнеркәсіптік мұрасының бір бөлігі, көптеген ұрпақтардың көп жылғы еңбегінің нәтижесі.
Музей қызметкерлері кәсіпорын тарихына қызықты саяхат ұйымдастырғаны үшін Н. Михельге алғыс білдіреді.
Фото авторы – Н.Михель










