23 қазанда Мәдениет және спорт үйінде Лисаков қалалық музейі ұйымдастырған «Теңге – тәуелсіздік символы» атты көрме өтті.
Көрменің мақсаты – келушілерді Қазақстанның ұлттық валютасының қалыптасу тарихымен таныстыру, теңгенің еліміздің тәуелсіздігінің, егемендігі мен экономикалық дербестігінің символы ретіндегі маңызын түсіндіру.
Көрмеге келушілер қазақстандық теңгенің тарихы туралы қызықты мәліметтер алып, алғашқы банкноттар мен монеталардың үлгілерін көріп, ұлттық валютаның даму жолымен танысты.












