Азаматтардың адам саудасы мәселесі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында музей қызметкерлері келушілерге осы құбылыстың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелеріне арналған ақпараттық брошюралар таратты.
Брошюраларда адам саудасы ұғымы, оның қауіпті салдары, сондай-ақ қанаудан және адам құқықтарын бұзудың басқа да түрлерінен қорғануға бағытталған негізгі сақтық шаралары түсіндіріледі.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және қоғамның назарын адам саудасы мәселесіне аударуға ықпал етеді.








