13 қазанда Лисаковск мектеп-интернатының оқушылары музейге қонаққа келді. Бұл сапар балаларды музей залдарымен және өңір тарихымен таныстыратын танымдық сабақтар циклының бастамасы болды. Алғашқы сабақ өлкенің ежелгі тарихына арналды. Сабақ барысында мектеп тәрбиеленушілері интерактивті форматта палеозойдан кайнозойға дейінгі кезеңдерді зерттеп, музейдің археологиялық коллекцияларымен және Лисаков археологиялық экспедициясының зерттеу жұмыстарының материалдарымен танысты. Жұмыстың ерекше тұсы 2026 жылы қазба жұмыстары жүргізілген Қорсай 8 қорғанына жасалған «виртуалды экскурсия» болды. Сабақ балалардың үлкен қызығушылығын оятып, олар бағдарлама аясындағы төрт сабақтың келесісін асыға күтуде.













