30 қыркүйекте Лисаковск қаласы әкімдігінің конференц-залында «Цифрлық трансформация жағдайындағы музей» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараға музей қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жалпы білім беретін мекемелердің педагогтері, сондай-ақ Қостанай облысының мемлекеттік басқару органдарының өкілдері қатысты.
Семинарды ұйымдастырушылар: Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Лисаковск Жоғарғы Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейі» КММ және «Лисаковск қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ серіктестігінде.
Семинардың бірінші бөлімінің модераторы болып сөз сөйлеген — Лисаковск қаласының әкімі А. С. Ибраев.
Семинардың негізгі тақырыптарының бірі музей қызметінде жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды қолдану болды. Қатысушылар цифрлық құралдардың тарихи-мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға қалай ықпал ететінін, музей қорларын көпшілікке қолжетімді етуді және келушілердің қызығушылығын арттыру жолдарын талқылады.
«Әлем музейлері: экспозиция және технологиялар» тақырыбын археолог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Лисаковск қаласының Құрметті азаматы Э. Р. Усманова таныстырды.
Облыстық семинардың спикерлері:
- Г. Қ. Сәрсекей — «Торғай музейлер кешені» КММ басшысы;
- С. В. Самаркин — тарих ғылымдарының кандидаты, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының профессоры;
- В. Ф. Палаева — «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
- Р. З. Шалапова — «Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық музей» КММ әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
- А. Е. Қасымхан — «Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихының облыстық музейі» КММ қор бөлімінің әдіскері;
- Ш. Е. Ермагамбетова — «Лисаковск Жоғарғы Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейі» КММ басшысы;
- Г. И. Киссер — Троссинген қаласындағы (Германия) Хонер консерваториясының студенті, Қостанай облысы немістерінің «Этномәдени бірлестігі» қоғамдық ұйымының және Лисаковск қаласындағы неміс жастарының «Kluger Fuchs» клубының өкілі.
Ғылыми-практикалық семинардың жалғасы Лисаковск Жоғарғы Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейінде өтті. Іс-шараның екінші бөлімі аясында қатысушылар музей қызметін дамытудың заманауи бағыттарын талқылауды жалғастырып, тәжірибе алмасты және практикалық әзірлемелерімен бөлісті. Семинардың екінші бөлімінің модераторы — Лисаковск музейінің басшысы Ш.Е.Ермагамбетова болды. Музей үдерістерін цифрландырудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинарға Астана қаласынан арнайы қонақ ретінде «НАТ Қазақстан» АҚ IT-компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Кәрім Ернұр Бейбітұлы қатысты. Ол семинар қатысушыларына ««Музей» АЖ: музей қорларын цифрлық есепке алу және музей үдерістерін басқару» тақырыбын таныстырды.
Іс-шара ғылыми-практикалық семинарға қатысқаны үшін сертификаттар табыстау рәсімімен қорытындыланды.













