1970 жылғы 19 тамыз

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

«Лисаков тарихындағы бір күн» онлайн-жобасы

Объект уақытында тапсырылыма ма?

Лисаковта екінші шағынаудандағы №30 балабақшаның құрылысы жалғасуда. Оның ашылуын көптеген отбасы асыға күтуде, өйткені қарқынды дамып келе жатқан қалада мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа орындарға сұраныс ерекше жоғары болды.

Құрылысты 7 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған болатын. Алайда нысанды пайдалануға беру жолында қиындықтар туындады. Кешігудің негізгі себебі — маңызды жұмыстардың бірқатарын, соның ішінде дәлізтерге арналған іргетастарды салуды орындауы тиіс «Жилспецстрой» құрылыс басқармасының жұмыс кестесінен артта қалуы болды. Бұл жұмыстар аяқталмайынша, балабақшаны белгіленген мерзімде ашу мүмкін емес еді.

Туындаған қиындықтарға қарамастан, қала тұрғындары құрылысшылардың уақытты тиімді пайдаланып, артта қалған жұмыстардың орнын толтырып, нысанды уақытында аяқтайтынына үміт артты. Өйткені жаңа балабақша жай ғана кезекті ғимарат емес, Лисаковтың ең кішкентай тұрғындары мен олардың отбасылары үшін аса қажетті мекеме еді.

«Лисаковская новь» газеті, №66 (147), 1970 жыл

Жоба логотипі жасанды интеллект көмегімен әзірленді.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache