Лисаковта жаңа мурал ашылды!

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

8 тамызда Лисаков қаласының 55 жылдығына арналған жаңа арт-нысанның ашылу салтанаты өтті.

Лисаков Жоғары Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейінің жанында орналасқан мурал туған өлкенің тарихын, еңбек дәстүрлерін, ұлттық мұраны, тұрғындардың бірлігін және қаланың болашаққа ұмтылысын бейнелейді.

Эскиз авторы — Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Светлана Владимировна Каратаева. Муралды қабырғаға тікелей бейнелеп, автордың шығармашылық идеясын жүзеге асырған суретші — Никита Владимирович Будко.

Муралды жасау идеясы Лисаковск музейі мен қаланың Құрметті азаматы Э.Р. Усмановаға тиесілі. Жоба қала әкімдігінің және «Өркен» тау-кен байыту комбинатының қолдауымен жүзеге асырылды.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache