Ұлттық Домбыра күні қарсаңында Лисаков музейінде балаларға арналған танымдық іс-шара өтіп, ол қазақ халқының мәдениетінің басты нышандарының бірі – домбыраға арналды.
Іс-шара барысында балалар домбыраның шығу тарихымен танысып, бұл музыкалық аспаптың қазақ халқының өміріндегі ерекше орны туралы білді. Сондай-ақ домбыраның пайда болуы жөніндегі аңызды тыңдап, домбырамен байланысты салт-дәстүрлер мен күй орындау өнерінің ерекшеліктері туралы мағлұмат алды.
Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерін тереңірек тануына ықпал етеді, ұлттық мәдениетке деген құрметті қалыптастырып, халық өнеріне қызығушылықты арттырады.








