Музейлік дебат: тыйым салу ма, әлде құқықтық реттеу ме?

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Сенбі күні, 4 шілдеде музейдің дебат алаңында қала дебатерлерінің кезекті кездесуі өтті. Жазғы демалыс, аптап ыстық пен жағажайдың қызығы өз әсерін тигізіп, қатысушылар саны аздау болды. Соған қарамастан, пікірталас қызу өтіп, тартысты әрі мазмұнды болды.

Бұл жолғы пікірталас жастар арасында панк-рок музыкасына тыйым салу қажеттілігіне арналды. Жеребе нәтижесінде қызықты жағдай қалыптасты: «Тыйым салуды қолдаушылар» қоғам мүддесі тұрғысынан ой қозғаған жасөспірімдер болса, «Қарсы тарап» азаматтардың өзін-өзі еркін білдіру құқығын қорғаған 19 жастағы жастар болды.

Тыйым салуды жақтаушылардың негізгі уәждері ретінде ән мәтіндеріндегі бейәдеп сөздердің қолданылуы мен орындаушылардың ұқыпсыз сыртқы келбеті аталды.

Пікірталас қорытындысында қатысушылар қызықты тұжырымға келді: панк-рокқа толық тыйым салудың қажеті жоқ, өйткені мұндай жағдайларды реттеуге қолданыстағы заңнамада қажетті құқықтық тетіктер қарастырылған. Атап айтқанда, 16 жасқа толмағандардың мұндай концерттерге қатысуына жол берілмеуі тиіс. Ал музыканы әр адам жеке өзі, мысалы, өз көлігінде тыңдай алады. Алайда көліктің терезелері ашық болып, бейәдеп сөздер қолданылған музыка қоғамдық кеңістікке таралатын болса, мұндай әрекеттер заң аясында жауапкершілікке тартылуы қажет.

Мұндай пайыммен келіспеу қиын!

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache