Ертегілер әлемінде

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

30 маусым күні «Мирас» музей клубында «Әлем халықтарының ертегілері» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында клуб тәрбиеленушілері ертегілер арқылы әртүрлі халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Түзету-дамыту бағытындағы шығармашылық жұмыс аясында балалар сым темірден (синель сымынан) және әуе пластилинінен өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін жасап шығарды. Бұл шығармашылық жұмыс олардың ұсақ моторикасын, қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache