4 маусым күні №4 орта мектеп жанындағы «Медведи» және «Летняя перезарядка» жазғы алаңының тәрбиеленушілері Лисаков Жоғары Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейіне барып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған танымдық викторинаға қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңыздылығына қызығушылықты арттыру, патриоттық сезімді қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны туралы жақсы білімдерін көрсетіп, олардың жасалу тарихы мен авторлары жөніндегі қызықты мәліметтермен танысты.
Викторина барысында қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, тақырыптық тапсырмаларды орындады және жоғары деңгейдегі білімдарлықтарын танытты. Іс-шара достық әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті.











