Тәуелсіздіктің бастауына саяхат

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Лисаков музейінде  интерактивті форматта «Менің Тәуелсіздігім Қазақстан» іс-шаралары өтті. Музейге  Лисаков қаласының білім бөлімінің №4 мектеп, және мектеп-гимназия оқушылары келді. Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін музей  сабағы мемлекеттік тілде өткізілді.

Балалар Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен құндылықтарына арналған танымдық бағдарламаға қатысты. Олар 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық заңның қабылдану тарихымен танысты, тақырыптық материалдарды көрді, онлайн-викторинаға қатысты, сондай-ақ «Тәуелсіз Қазақстан»кроссвордын қызығушылықпен шешті.

Іс-шара шығармашылық және танымдық атмосферада өтті, қатысушыларға Отанымыз туралы жаңа білім мен жарқын әсер сыйлады.

Scroll to Top