«Тарих жолын іздеушілер: Лисаков музейінде балаларға арналған квесттер» басталды.

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Лисаков музейінде  мектептегі  балалар лагерлеріне арналған музей интерактивті алаңы жұмыс істей бастады. Оған бірінші болып Лисаков қаласы білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебінің және Тобыл  мектебінің оқушылары келді.

Қызықты тапсырмалар және балаларға өткен атмосфераға енуге мүмкіндік берілді. Қатысушылар тақырыптық квесттерді орындады, жұмбақтарды тапты,  жұмбақ заттарды іздеді және жасырын сөздерді шешті.

Интерактивті алаң балаларды тарих пен археологиямен таныстырып қана қоймай, зейінін, логикасын, ұжымдық рухын дамытуға ықпал етті.

#Лисаков#музей

#ГидҚазақстанға

#Қазақстанбалалары

Scroll to Top