«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы қызықты деректер» акциясы

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні Лисаков музейінің ұжымы орталық алаңда серуендеген қала тұрғындарын мемлекеттік мерекемен құттықтап, ақпараттық буклеттер табыс етті.

Буклеттерде Ту, Елтаңба және Әнұран туралы қысқаша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар таныс рәміздерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін қызықты деректер де бар. Акцияның арқасында қала тұрғындары рәміздердің бастауында кім тұрғанын, әнұранның қалай өзгергенін, ресми туларға қандай материалдар қолданылғанын білді.

Бұл білім біздің ортақ тарихымыздың, күш-қуатымыздың және тәуелсіз Қазақстан үшін мақтанышымыздың бір бөлігі.

Рәміздер жай белгі емес, ұлттың рухы.

Scroll to Top