2025 жылдың 17 ақпанында Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназиясында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларын еске алуға арналған «Ұлы ерлікке мәңгілік тағзым: Туған өлкеден-Отанға» республикалық акциясын іске асыру аясында Лисаков музейінің қызметкері Батпанаев М.А. «Ерлік және естелік» атты музей сабағын өткізді. Шара барысында 7-сынып оқушылары соғыс туралы деректі фильмдерден үзінді, қазақстандық батырлар Әлия Молдағұлова мен Бауыржан Момышұлының өмірбаяндары мен ерліктерімен танысты.
#Лисаков#музей
#ГидҚазақстанға