2025 жылғы 12-13 ақпанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернатында мұражай сабақтары өтті. Сабақтар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. 7-9 сынып оқушылары Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Бауыржан Момышұлының ерлігі туралы білді. Мұражай сабақтарын Лисаков мұражайының әдіскері М.А. Батпанаев жүргізді, Балалар деректі фильмдердің фрагментін көріп, таныстырылыммен танысты.
#Лисаков#музей
#ГидҚазақстанға