ХХ ғасырдың 60 –шы жылдары
КСРО қаласы, Верхняя Пышма, Свердлов облысы
Шыны, металл,
шыны үрлеу, бояу, қалыптау
H-13,0 см D-4,5 см
Тапсырған: А.Е.Сафронова, Лисаков қ, 2010 ж.
«Жүгері собығы» шыны шырша ойыншығы, тұрқы сары түсті дәндерімен, жапырағы – жасыл түсті.
Ойыншық «Иней» (Павлов Посад қ.) шырша ойыншықтарын жасайтын фабрикада әзірленген.
Тарихи анықтамасы.
Шыршаны безендендіруге арналған. КСРО.
Тек 1936 жылы Жаңа жылды тойлауды жандандыру туралы шешім қабылданған болатын, содан барып рождестволық емес, әрине кеңестік жаңа жылдық шыршаны қайтарған болатын. Сол жылдары шырша безендіру өндірісі бойынша артелі толық күшпен жұмыс жасады.Олар мақтадан ойыншықтар қатты болуы үшін шақпақ тасты клейстермен жабқан, ал бетін саздан, папье –маше және матадан жасаған. Жас ұрпақтың шырша ойыншықтары ескісінен мүлдем ерекшеленеді: революцияға дейін киелі бейнеде жасалса, қазір періштелердің орнына қызыләскер, шыңғышы –спортшы, сондай –ақ сайқымазақтар мен акробаттар орнын басқан (Сталиннің циркті жақсы көргенін аңғаруға болады). Осындай заттар 50-ші жылдың ортасына дейін шығарылды.
1950-ші жылдың басында көптеген жеміс, жидектер және көкөніс ойыншықтар шығарыла бастады.Елуінші жылдардың соңында, кинотетрлар экранында Э.Рязановтың «Карнавалдық түн» киносы шығысымен бес минутсыз он екіні көрсеткен сағат ойыншықтар пайда болды. Ертегі кейіпкерлері: Айболит, Аяз ата, Ақшақар, Чиполлино; түрлі аңдар: тиін, аю, қоян… ойыншықтар шықты. Сол 50-ші жылдары шыны моншақтар және шыны шарлардан ойыншықтар, моншақ пен таяқшалар пайда болды
Шыны ойыншықтар алғашында шырша ойыншықтарын өндіруде үлкен көлем бермеген болатын, бірақ 1960-1970 жылдарында шарлар мен мүсіндер шырша ойыншықтарының 100 пайызын ауыстырды. Үрленген ойыншықтар салқындатылды және түрлі лакпен немесе күміс нитратпен көмкеріліп, кейін қолмен сурет салынған.
Дәстүрлі шарлар, бүршіктерден басқа, шыны әшекейлер арасында танымал тақырып болған ертегі батырлары, орман өсімдіктері мен аңдары, бақша өсімдіктері, ғарыш, музыкалық аспаптар.