Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Құмыра (керамикалық ыдыс). МИГЛ 260/ФСК 134

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

ХХ ғасырдың 50-жылдары
Саз,
қалыптау, кептіру, күйдіру,
Жылтырату, қолөнерлік өндіріс.
H-27,5 см   D1- 21,5 см  D2-13,0 см

Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: С.А.Ермолаева, Қостанай облысы, Пресногорск ауданы, Крутоярка селосының тумасы. 1994 жыл.

Құмыра қоңыр түсті. Негізі жалпақ. Тұрқы конус пішінде, жоғарғы бөлігі томпайған. Көлбеу иығынан науалы мойнына қарай бірқалыпты жасалған. Құмыра сағасы тар, ернеуі жуандау, иілген шеттерімен. Иығында екі бедерлі жолақтары бар.

Тарихи анықтама.

Құмыра ыдыс – үлкен саз қыш құмыра немесе екі тік тұтқалы үлкен кіріңке.

Түрлі азық  – түліктер мен сусындарды сақтау үшін пайдаланылған (астық, сүт және т.б.). Мәселен, құмыра сыра мен ашытуға арналған. XII ғасырда(1146 ж.) жүзім шарабы  ыдысы және өлшеуіш ретінде пайдаланылған. Әдетте шарап амфорасы(құмыра) екі шелекке тең келетін. Ол кездері шелек әлі барлық Русь жерінде бірдей қолданылмаған –тын(әр жерде оның көлемі 12 –ден 15 литрге дейін тең келген), сондықтан құмыра шамамен 25 литрлі болды деп болжауға болады.

ҚҰМЫРА  – Киев Русь жерінде 10 -12 ғасырларда сүйір немесе дөгелек түпті, жоғары қарай кеңейтілген саз ыдыс. Пішіні жағынан көне амфораға ұқсас, амфора секілді астық мен сұйықтықты сақтап және тасымалдауға арналды. Құмыра суретінде көнеорыс миниатюрасы бар. Олардың сынықтарын көне орыс қалаларына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде кездестіруге болады. Гнездов қорғанында табылған құмырада “гороушна” немесе “гороухща” сөзі сызылған, яғни сары бидай, қыша. Бұл сөз –көне орыс жазуы(10 ғасырдың басы). Басқа да жазуларды кездестіруге болады. Сонымен, 11 ғасырда Киевте табылған ыдыста”Благодатнеша плона корчага сия” жазылған (яғни «Благодатна полная эта корчага»). Қазіргі орыс тілінде «Құмыра ыдыс» сөзі үлкен, өте кең сағалы саз қыш құмыра болып белгіленеді. Украин тілінде құмыра туралы түсінік тар мойында ыдыс деп елестетіледі.

Scroll to Top