ХХ ғасырдың 70- жылдары.
Балық қабыршағы, бисер, моншақ кездесті, шыны моншақты, металл,
Қолмен құрастыру
15,0 х 16,0 см
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: А. К. Классен (Лисаковск қ.), 1993 ж.
А. К. Классен Саратов облысы,Безымянск ауданы, Лизандергей селосыда туған. Діні – меннонит, ұлты – неміс. Гүлтәжі күміс тойы өткізілген Солтүстік Қазақстан облысы, Пресновка ауаны, Пресновка селосында тұратын Ангелина Корнеевна Классен енесі – Августина Абрамовна Классенге тиесілі.
Гүлтәжі қолмен құрастырылған, балық қабыршығынан, інжу моншақталып, сұрғылт сыммен жасалған. Қабыршықтар жапырақ және гүл күлтелері түрінде кесіліп, гүл мен бұтақтары жиналған. Әрбір қабыршығының алдыңғы жағында үш – үштен селдір моншақ сымға тізілген. Гүлдердің ортасы жасанды інжу моншақтарымен әшекейленген. Гүлдің негізгі бөлігі гүл тәжінің алдыңғы жағында, ал артқы жағында бұтақшалар орналастырылған.