Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Гипс МИГЛ 50/МИН 25

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Таибиғи пайда болу
Кунгур кен орны
Тапсырушы: М.В. Юн, Лисаков қ.,1992 ж.

Гипс –  өз құрамына екі су молекуласын кіріктіретін кальций сульфаты; негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) тау жынысы; ғаныш – сульфаттар класының минералы. Ол өзі аттас минералдан тұрады – CaS04 • 2Н20. Гипстің химиялық құрамы, массасы бойынша %: CaО – 32,56; S03 – 46,51; 2Н 20 – 20,93. Криталданған судан басқа гипстің құрамында гипс тасының бетінде және кеуектерде болатын гиграскопиялық ылғал болады. Кристалдық сырт бейнесі көбінесе таблетка формалас жұқа келеді, кейде призма түрінде болады. Гипстің «қарлығаш құйрық» деген қоспақтары жиі кездеседі. Гипстің жеке кристалы мен қоспағы . Агрегаттары қуыстар ішінде топталып өскен друзалар құрайды. Сонымен қатар оныц майда кристалды тыгыз түрлері болады (алебастр). Тастың жарықтарында шаншылып салаланып өскен талшық ты гипстер де болады. Талшықты гипс көбінесе жібекше құлпырған әдемі келеді.
Таза гипс – түссіз, мөлдір, бірақ құрамында түрлі қосымшалардың болуына байланысты сұр, сары, қоңыр, кейде қаралау түсті болады.

 

Scroll to Top