Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Боксит МИГЛ 43/Мин 18

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Таибиғи пайда болу
 А – 9,0 см    В – 7,0 см     С – 5,5 см
Тапсырған: С. В. Матвеев,  Лисаков КБК-ның бас геологы, 1992 г. Краснооктябрь боксит кен байыту басқармасы.

Сыртқы түсі бокситтің әртүрлі болып келгенімен көбінесе қызғылт түсті қатты өнім және жиі-жиі ақ, сары, жасыл түсті бокситтер де кездесіп отырады. Қызыл түсті болып келетін себебі бокситтің құрамында темір оксидінің көп екендігін көрсетеді, темірдің құрамы аз болса бокситтің түсі сұрғылт немесе ақшыл болып келеді.
Бокситтер сілтілік, қышқыл, кейде негізді жыныстардың латериттік үгілу процестерінен көл мен теңіз суларында тұнуынан түзіледі. Бұл құрамында негізінен алюминий оксиді, кремний, темір оксидтері және басқа металлдар бар тау жынысы. Түсі қызыл, қоңыр қызыл, сұр, шұбар.  Құрылымы яшма, бұршақ тәріздес, оолитті, қуысты, борпылдақ болып келеді.
Боксит тек қана алюминий өндірісінде қолданылып қоймай, сонымен қатар элекрокорунд, алюминий тотықты цемент өндірістерінде және оттөзімді материал ретінде, негізгі мартендік болат қорытуда қождама ретінде кеңінен қолданылады.
Боксит мұнайды күкірттен тазалауға да көп қолданылады, ал кейбір мемлекеттерде бокситті минералдық бояулар алу үшін қолданады. Құрамындағы Al2O3–не және кремнилік модуліне байланысты бокситтер маркалар мен түрлерге бөлінеді. Жалпы металлогиялық құрамы бойынша бокситтер тастақ, қопсыма, құрғақ және сазды болып бөлінгенімен олардың арасында анық бөлінген шекарасы жоқ.

Scroll to Top