2024 жылғы 17 мамырдың кешкі уақытында лисаковтықтар дәстүр бойынша Лисаков музейіне барып қайты.
Келушілер үшін музей сағат 16.00-ден 22.00-ге дейін ашық болды. Мерекелік бағдарлама «Тігіншілер көйлегі» атты жаңа көрменің ашылуымен басталды. Көрменің авторы, музейдің бірінші директоры Н.Е.Жиляева көрермендерге ХХ ғасырдың 40-80 жылдарындағы тапсырыс бойынша тігілген әйелдер киімдерін ұсынды. Лисаковкадағы «Креатив» шығармашылық студиясының тігіншісі, сәнгері және пішушісі Н. Андриянова әйелдер киімінің үлгілерін көрсетті. Кесте шебері Наталья Часовникова өз кестелерін көрсетті. Жеке киім тігу тақырыбы Н.Андриянова мен Н.Часовникованың шеберлік сабағымен жалғасты.
Музейге келген жас келушілер үшін балалар кітапханасының «Алдар Көсенің балаганы» қуыршақ театры А.С.Пушкиннің «Поп және оның жұмысшысы Балда» ертегісі бойынша өз қойылымын ұсынылды. Музей қызметкерлері балаларды киім тақырыбына байланысты интерактивті іс-шараларға қатыстырды.
Кештің музыкалық бөліміне Лисаков балалар музыка мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, сондай-ақ қалалық Ардагерлер кеңесінің «Тынымсыз жүректер» шығармашылық тобы қатысты.
Бірнеше жылдан бері Лисаков қолөнершілер одағының «Жар-птица» өкілдері «Музейлер түнінің» тұрақты қатысушылары болып келді. Биыл олар өз өнімдерінің көрмесін ұйымдастырып қана қоймай, тігін ісіне сәйкес фотоаймақ дайындады.
Түрлі көріністердегі шығармашылық музей іс-шарасының ерекше атмосферасын жасады. Іс-шараға ақпараттық қолдауды «Лисаковская новь», «Бизнес-Пресс-Лисаковск» газеттері, «Акцент» Лисаков телевизиясы көрсетті.
#Лисаков #музей
#ГидҚазақстанға