Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Германиядан келген делегация Лисаков музейінде

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

2024 жылғы 23 мамырда Лисаков музейіне Германия Федеративтік Республикасының қонақтары мен “Возрождение” қазақстандық немістер бірлестігі” ҚҚ өкілдерінен құралған делегация келді. Делегацияны Бундестаг депутаты, Германияның Федералды үкіметінің қоныс аударушылар мен азшылық ұлттар жөніндегі комиссары Натали Павлик басқарды.
Қонақтар қола дәуірінің археологиялық олжаларымен танысты, “Қазақстан халқының мәдениеті” залында неміс этнографиясының заттарын егжей-тегжейлі қарап шықты. Музейде “Адам және Дін” шағын көрмесі дайындалды, онда ежелгі неміс кітаптары, паннно мен діни әдет-ғұрыптылық заттары қойылды. Басшының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ю.П.Буданова ең қызықты экспонаттар, коллекцияның қалыптасуы және оны жастар арасында танымал етудің кейбір аспектілеріне қысқаша тоқталды.
Лисаков музейі құрылған алғашқы жылдардан бастап неміс мәдениетін зерттеу және сақтау тақырыбы өзекті болды. Е.Р.Усманованың, Н.Е.Жиляеваның бастамасымен және тікелей қатысуымен жиналған қазақ немістерінің этнографиялық нысандарының үлкен жинағы әртүрлі көрмелерде бірнеше рет ұсынылды.
Қазіргі уақыттағы музей басшысы Ш.Е.Ермағамбетова «Возрождение» қорының Лисаков өкілдігімен (жетекшісі Л.Г. Лескова), әсіресе «Жас этнограф» үйірмесінің мүшелерімен белсенді түрде жұмыс істейді. Кездесу барысында жас зерттеушілер өздерінің далалық экспедицияларының нәтижелеріне тоқталды.
Қорытындылай келе, Лисаков қаласының әкімі А.С.Ибраев қонақтар алдында сөз сөйлеп, естелік сыйлықтар табыс етілді, Н.Павлик лисаковтықтарға қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді.
Фото – М.Сушко, А.Дүйсмұхамбетова.
#Лисаков #музей
#ГидҚазақстанға
#Лисаковск #музей
#ГидПоКазахстану

Scroll to Top