21 наурызда Лисаков музейінің қызметкерлері Орталық қалалық алаңда Наурызды жалпықалалық мерекелеуге қатысты. Музейдің экскурсоводы О.К.Искакова 1923 жылы жасалған және Ұлы Отан соғысының қатысушысы Қанапия Нұғмановқа тиесілі бірегей экспонат – домбыраны мемлекеттік тілде ұсынды. Наурыз мерекесінде жүз жылдық домбырада атақты домбырашы М. Бермуханов күй орындады. Қор сақтаушысы, А.А.Дүйсмұхамбетова, музей әдіскері М.А.Батпанаев, көшпенділердің тұрмыс заттары, батырлардың қару-жарақ элементтері туралы әңгімелеп, экскурсиялар өткізді. Мереке кезінде киіз үйде болған құрметті қонақтардың қатарында Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев бар. Мерекелік іс-шаралар барысында музей “Қол өнер сырлы өнер” атты жаңа көрме жұмыс істеді, келушілерге экскурсияларды музей басшысының орынбасары Ю.Буданова өткізді.