Лисаков музейінде «Клюгер Фукс» Лисаков неміс жастар клубының «Жас этнограф» үйірмесі жүргізген зерттеу нәтижелерінің кезекті талқылауы өтті.
Надеждинка ауылы (қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданы) басты назарда. Ауылдың 90 жылдығына дайындалған фильмді тамашалаудың арқасында дөңгелек үстелге қатысушылар оның көшелерімен виртуалды серуенге шықты.Лисаков музей басшының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ю.П.Буданова жас этнографтарды Торғай облысында алғаш пайда болған неміс ауылдарының бірі ретінде Надеждинка тарихы туралы Лисаков музейінің материалдарымен таныстырды. «Жас этнограф» экспедициясының жетекшісі Глеб Киссер клубтың Надеждинкаға 2023 жылғы экспедициясының нәтижелері туралы айтты. Пікірталасқа тәлімгерлер – Л.Г.Лескова, «Возрождение» ҮЕҰ ЛФ жетекшісі және Е.В.Волокитина қатысты. Жігіттер ауыл тарихын зерттеуде айтарлықтай еңбек етті. Надеждинка тұрғындарына сауалнама жүргізіліп, Қостанай аудандық архиивінің, Қостанай облыстық архивінің материалдарымен жұмыс басталып, ауылдың фотосуреттері түсірілді. Зерттеулердің арқасында Надеждинка ауылының және оның жекелеген тұрғындарының тарихы өмірге келеді, мысалы, Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған И.Л.Шефер. Кездесу музейдің көрме залында өтті, оған қатысушылар Қостанай облысының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің «Қол өнер – сырлы өнер» көрмесіне қойылған жұмыстарын тамашалады.
#Лисаков #музей