Әлия Молдағұлованың Лисаков музей қызметкерлерінің музейде де, мектепте де оқушылармен әңгімелесу тақырыбына айналды. Оқушылар Кеңес Одағының Батырының өмірбаянымен танысты, оның қандай ерлік жасағанын білді, Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова мемориалдық музей сайтынан фильмнің үзіндісін көрді, мемориалдық музейге виртуалды экскурсияға барды. Тыңдаушылар Лисаков қаласының білім бөлімінің №4 мектеп, №6 мектеп оқушылары болды.
Лисаков музейінің қызметкерлері “Әлия Молдағұлова. Ерлік пен естелік”, Әлия Молдағұловаға арналған Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесінің іс-шаралары кезінде қалалық мәдениет және спорт орталығында соғыс уақытында қолданған заттардың шағын көрмесі қойылды.
Музейдің жылжымалы көрмесі 2024 және 2025 жылдары Лисаков қаласының білім беру мекемелерінде жұмысын жалғастырады.
#Лисаков #музей
#ГидҚазақстанға