Сиқырлы мерекелер кезінде Лисаков музейінде «Қолөнер әлемінде» шағын көрмесі ашылды. Келушілер назарына бірегей халық қолөнері: гжель және хохлома шеберлерінің бұйымдары, городец кескіндеме, сырланған науа және ағаш ыдыстар ұсынылады. Сондай-ақ Беларусь пен Ресейде әртүрлі материалдардан қолдан жасалған ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ойыншықтар да қойылған. Лисаков узейінің коллекциясында заттар атақты археолог, Лисаков қаласының Құрметті азаматы Е.Р.Усманованың коллекциялық қызметінің арқасында пайда болды. Тапсырушылар қатарында И.Лунков, Е.Панченко (Мәскеу) бар. Көрмедегі жәдігерлер саны аз, бірақ олардың әрқайсысы халық өнерінің қайталанбас сұлулығымен қуантады.