Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Ауғанстан 1979-1989 жж. Тарихқа қол тигізу

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Ересектер мен балалар ақпан айында Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінде 1979-1989 жылдардағы ауған оқиғасы тарихының кейбір аспектілерімен танысты.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған шағын көрмені Лисаков қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері, техникалық колледж студенттері, Лисаков арнайы мектеп-интернатының оқушылары және гимназия мектебінің 10 «А» сынып оқушылары,  6 орта мектебінің 4 «Б» сыныбы тамашалады.  Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларына экскурсия мемлекеттік тілде өткізілді.

Музейдегі кездесулер барысында «ауған» әндерінің үзінділері шырқалды, «Где-то за  Салангом» жазбаларының бірінің атауына қызығушылық танытқан тыңдаушылар Саланг тау асуы мен сол жерде салынған әйгілі автомобиль туннелі туралы білді.

Көрме Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінде жұмысын жалғастыруда.

#Лисаков #музей

#ГидҚазақстанға

Scroll to Top