Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Көктем шабыты

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Көктем мерекесі қарсаңында Лисаков мұражайында «Көктем шабыты» деп аталатын шағын көрме ашылды. Көрме асыға күткен көктемге және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналады. Оның ішінде 70-80 жылдары қыз- келіншектерге сыйға берілген заттарды көруге болады. Бұл сәнді панно, жақтаулы кесте, түрлі кәдесыйлар және тағысын тағы. Биылға көрмедегі жаңа жәдігер-бұл қыз мүсіні бейнеленген шамдалы. Жақында ғана біздің мұражайға Лисаков қаласының құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері Э.Р. Усманова алып келген. Шамдалыны Жезқазған қаласындағы Богатов суретшілер отбасы балшықтан жасаған. Шағын көрменің мақсаты-мұражай қорындағы заттарды көрсету. Аталмыш көрмеде 32 жәдігерлерді тамашалауға болады.

Scroll to Top