Зубаха Александра Ивановна,
Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1920 жылы 29 ақпанда Коровино ауылында (Бондарский ауданы, Тамбов облысы) шаруа отбасында дүниеге келген. 7 сыныпты бітірген. 1939 жылы ата – анасы Қостанай облысына (Федоровка кенті) көшіп келді. Александра телефон станциясына байланыс кеңсесіне жұмысқа түсті. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Свердловск қаласында, 53-ші қосалқы байланыс полкінде қызмет етті. 1943 жылы 5 мамырда полк таратылып, майданға жіберілді. А. И. Зубаха Рокоссовскийдің басшылығымен Беларусь майданының II 906 жеке байланыс батальонында қызмет етті. Александра Ивановна Туладан Берлинге дейінгі майдан жолдарын өтті. Аға сержант – телефоншы атағын алды. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Жауынгерлік еңбегі үшін”, “1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған.
Ақпарат Н.Кузнецов атындағы мұражайдың директоры Л.И. Федоровадан келіп түсті (қоғамдық мұражай Лисаков техникалық колледжінде жұмыс істеді).