Лисаков қалалық партия комитетінің насихаттау және үгіттеу бөлімінің меңгерушісі, қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары.
А.П. Заика 1935 жылы 1 наурызда Қостанай облысының Таран ауылында дүниеге келген,онда оның балалық және жасөспірім жылдары өтті.
Жергілікті совхозда ауыл механизаторы болып жұмыс істеді, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Қостанай педагогикалық институтының сырттай бөлімін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.
Лисаков қаласында А.П. Заика 1971 жылдан бастап жұмыс істеді, 1972 жылдың сәуірінде жаңадан құрылған қалалық партия комитетінің насихаттау және үгіттеу бөлімінің меңгерушісі, ал 1974-1987 жылдары Лисаков қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып бекітілді, қаланың әлеуметтік саласының жұмысына жетекшілік етті*.
Әлеуметтік салаға жетекшілік ете отырып, қаланың халық білімін, мәдениетін, спортын, сауда мен тұрмысын дамытуға үлкен үлес қосты.
А.П. Заика, кәсіпкерлікті дамыту қажеттілігін түсіне отырып, «Спутник» ЖШС құрудың бастауына айналды. Оның қызметі, білімі мен тәжірибесі барлық қоғамдық бастамаларда, қаланың дамуы мен қалыптасуында пайдаланылды**.
Қаланың 30 жылдығына байланысты А. П. Заикаға «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Лисаков қаласы әкімдігінің және мәслихатының 2001 жылғы 4 тамыздағы № 1 бірлескен шешімі*.
2010 жылдың 8 наурызында қайтыс болды.
* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А. Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Костанай баспа үйі, 2009, с. 32, 184
** Құрмет Кітабы. Лисаков қалалық мәслихаты. Лисаков Жоғарғы Тоболдың тарихы мен мәдениеті мұражайының қоры. НВФ 2638.
2016 жылғы 31 тамыздағы “Менің қалама сенемін” ЛТВ “Акцент” бағдарламасының шығарылымы