Захаров Анатолий Александрович, Ұлы Отан соғысының қатысушысы

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

1926 жылы 6 мамырда дүниеге келген. 2-Беларусь майданында 1944 жылдың қыркүйегінен 1945 жылдың қарашасына дейін соғысқан – 355 атқыштар полкінде – атқыш. 1945 жылғы қарашадан 1946 жылғы қыркүйекке дейін – 220-атқыштар дивизиясы, кадет. 1946 жылдың қыркүйегінен 1947 жылдың наурызына дейін – 290 атқыштар дивизиясының 878 атқыштар полкі – радиотелеграфист. Кіші сержант шенімен демобилизацияланған.

«Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Соңғы жұмыс орны: Лисаков тау-кен байыту комбинаты, ГМО фабрикасының кептіру цехында экскаватор машинисі.

 

«Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және  Науырзым аудандары». Қостанай, 2010, 59 бет.

Scroll to Top