Яков Семенович Мурзаев,
Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1921 жылы 17 наурызда Ульянов облысы Сосновка ауылында дүниеге келген. 1940 жылы әскери-жаяу әскер училищесінің курсанты болды. 1941 жылдың 29 қыркүйегінде Чита облысының Тереңкөл аудандық әскери комитеті жұмылдырылды. Батыс майданында 10 армияда соғысқан (атқыштар взводының командирі). Мәскеу маңында жарақат алды. Госпитальдан кейін Новосібірдегі “Атыс” курсын бітіріп, Ленинград майданына атқыштар ротасының командирі болып жіберілді. 1943 жылы госпитальда екінші рет жараланып, емделгеннен кейін Белорус майданының III 525 атқыштар дивизиясының 1092 атқыштар полкіне жіберілді. Шығыс Пруссияда соғысқан. Кенигсберг шабуылына қатысты. 1945 жылы 26 желтоқсанда аға лейтенант атағымен запасқа шығарылды. Марапаттары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін”, “Ерлігі үшін”, “Кенигсбергті басып алғаны үшін” медальдары. Соңғы жұмыс орны – Лисаков тау-кен байыту комбинаты, жөндеу цехы. Яков Семенович Мурзаев, Ұлы Отан соғысына қатысушы.
“Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары”. Қостанай, 2010, 94 б.