Лисаков қаласының Ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары.
Еңбек жолын 1975 жылы ішкі істер органдарында бастаған.
1994 жылғы шілдеде ішкі істер органдарынан еңбек сіңірген жылдары бойынша Қостанай облысы Ішкі істер Бас басқармасы Лисаков қаласының Ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
2007 жылдан бастап Лисаков қалалық ІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмысын атқарған.
Павел Августович Лисаков қаласының Ішкі істер бөлімінің жұмысын ұйымдастырып, басқарды. Жедел жағдайды тұрақтандыруға және құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіруге бағытталған шараларды қабылдады. Қазақстан полициясының дамуына елеулі үлес қосқан.
П.А.Волокитин жас кадрларды тәрбиелеуде көп жұмыс жүргізді.
Қазақстан полициясы күнінің 25 жылдығына орай Павел Августович бөлімнің әкімшілік ғимаратында «Милиция даңқы» музейін ашуға бастама жасады.
Ішкі істер органдарында мінсіз қызметі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірнеше рет Қостанай облысы ІІББ және КСРО ІІМ басшылығымен марапатталды. «Қазақстан полициясы 20 жыл» медалімен (2013 ж.), «Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша үздік қызметі үшін» медалімен (1987 ж.), «Мінсіз қызметі үшін 3-ші дәрежелі медалімен (1984 ж.), «ІІМ үздік қызметі үшін» төс белгісімен (1989 ж.), «Милиция үздігі» төс белгісімен (1985 ж.) марапатталған. Ол 2-ші дәрежелі маман болған (19.02.1993 ж. № 59 ж/с ІІБ бұйрығы).
Лисаков қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 131 шешімімен «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
П. А. Волокитин 2023 жылы 7 мамырда қайтыс болды.
Лисаков қаласының құрметті азаматтары
http://lsk.kostanay.gov.kz/maslikhat/pochetnye-grazhdane-goroda-lisakovska/?id_elem=34