Владимир Николаевич Чернушкин,
Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1924 жылы 25 шілдеде Ярославль қаласында дүниеге келген. 1932 жылы мектепке түсіп, 5 сыныпты бітірді. 14 жасынан бастап ата-анасы жұмыс істеген комбинатта еңбек жолын бастады. 1943 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылды. III Балтық майданының құрамында Белоруссияны фашистік басқыншылардан азат етуге қатысты. 1944 жылы генерал-лейтенант Бутковтың басқаруымен I Қызыл Тулы танк корпусының құрамында Литваны азат етуге қатысты, онда жеңіл жараланды, бірақ жауынгерлік сапта қалды. Бұл корпустың құрамында Кенигсбергке жетті. Ауыр жараланады. Ол өзінің туған қаласы Ярославль қаласында, өзі оқыған мектепте ауруханада емделді. 1946 жылы әскерден босатылды. III дәрежелі Даңқ орденімен, Отан соғысы орденімен, “Кенигсбергті алғаны үшін” медалімен, мерейтойлық наградалармен марапатталған. Әскерден оралғаннан кейін жұмысшы болып жұмыс істеп, төрт бала тәрбиеледі. 1984 жылдан-зейнеткер.
Ақпарат және фото Н.Кузнецов атындағы мұражайдың директоры Л.И. Федоровадан келіп түсті (қоғамдық мұражай Лисаков техникалық колледжінде жұмыс істеді).