Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Виндерских Борис Васильевич

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Лисаков қаласының алғашқы құрылысшысы, «Лисаковскрудстрой» тресінің механикаландырылған жұмыстар басқармасының бас инженері (1969-1972), «Лисаковскрудстрой» тресінің партиялық комитетінің хатшысы (1972-1987), Лисаков қалалық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты.
1930 жылы 28 тамызда Қостанай облысы Қостанай ауданы Воробьевка ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Семей автокөлік техникумына оқуға жіберілді, оны бітіргеннен кейін Техник-механик мамандығын алып, №2 автотрестке еңбек және жалақы жөніндегі инженер болып жұмысқа жіберілді. 1963 жылы Қостанай қалалық партиялық-мемлекеттік бақылау комитетіне жұмысқа жіберілді.
1966 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының факультетін бітіріп, инженер-механик мамандығын алды. 1967 жылы Қостанай облысы қалалары бойынша инспекторымен Қостанай облыстық халық бақылау комитетіне жұмысқа ауыстырылды.
1969 жылы Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің құрылыс бөлімінің бастамасымен «Лисаковскрудстрой» трестіне жұмысқа жіберілді, онда механикаландырылған жұмыстар басқармасының бас инженері лауазымына бекітілді (1969-1972 жж.).
1972 жылдың наурыз айында «Лисаковскрудстрой» трестінің партиялық комитетінің хатшысы болып сайланды. Осы лауазымда 1987 жылдың маусым айына дейін жұмыс істеді.
1987 жылы «Лисаковскрудстрой» трестіне жүк көтергіш машиналар бойынша аға инженер лауазымына ауыстырылды, онда 1994 жылдың маусым айына дейін жұмыс істеді.
«Белинский», «Қоржынкөл» кен шығатын жерін, Лисаков №3,4,5 жалпы білім беретін мектептерінің және Таран және Қамысты аудандарының совхоздарындағы мектептерді салу жөніндегі партиялық штабтарға басшылық жасады. Стадион, аттракциондар қалашығы, бірінші спорт кешені құрылысының бастамашысы және ұйымдастырушысы.
Алғашқы құрылысшы Г.А. Черненконың, Б.В. Виндерских Котюбок өзенінің жағасындағы «Лисаковскрудстрой» тресінің қызметкерлерінің балаларына арналған «Звездочка» пионер лагері құрылысының бастамашысы болды. Г.А. Черненконың пікірінше лагерьге жұлдыз формасын беру идеясы Борис Васильевичке тиесілі. Лагерь салынбағанына қарамастан, 1980-ші жылдары балалар пионер лагері үшін бөлінген саябақ ағаштары бүгінгі күні ғарыштан көрінеді және бірегей геоглиф**.
1994-1996 жылдары Б.В. Виндерских «Строитель» шағын кәсіпорнында жүк көтергіш машиналарды қадағалау жөніндегі инженер лауазымында жұмыс істеді және соған қоса «Арай» фирмасында жүк көтергіш механизмдер жөніндегі инженер болып жұмыс істеді.
Б. В. Виндерский төрт медальмен марапатталды.
«Лисаковскрудстрой» тресінің ұжымын ЛГОК екінші кезегінің, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерінің құрылысына және қуаттылығын енгізуге жұмылдыруға бағытталған белсенді өндірістік және қоғамдық-саяси жұмысы үшін, дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін материалдық-техникалық базаны құруға қатысуға және Б. В. Виндерскийдің туғанына 60 жыл толуына байланысты «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Лисаков қалалық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің Атқарушы комитетінің 1990 жылғы 21 тамыздағы № 21 қаулысы*.
Б.В. Виндерских 2014 жылдың 30 қарашасында қайтыс болды.
* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Қостанай баспа үйі, 2009, 18,172-173
** Ю.П. Буданованың «Лисаков тарихындағы кеңес дәуірінің символы». «Лисаковская новь» газеті 13.08.2015 ж. № 33 (3919)

Scroll to Top